Израиль Газаны басып алу жоспарын бекітті

Израиль билігі Қатар мен Мысыр ұсынған бітім құжатын қарастырып жатыр.

Қатардың СІМ өкілі Маджид әл-Ансари ХАМАС атысты уақытша тоқтатуға келісім бергенін айтты. Ал Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац Газаны басып алу жоспары бекіп, «Гидеон арбалары-2» атты операцияға дайындық басталғанын  жариялады. Халықаралық ұйымдар Газаға шабуыл жасалса дағдарыс одан әрі тереңдейді дейді. Газа денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, 22 айға созылған соғыстан қаза тапқандар саны 62 мыңнан асып, 156 мыңнан астам адам жараланған. Опат болғандардың  жартысы әйелдер мен балалар.