Google деректерді заңсыз жинағаны үшін $30 млн айыппұл төлейді

Америкалық Google компаниясының басы дауға қалды, деп хабарлайды 24kz.

Енді компания 13 жасқа дейінгі балалардың жеке мәліметтерін заңсыз жинағаны үшін 30 млн доллар өтемақы төлеуге тиіс. Бұған дейін ата-аналар Калифорния сотына арыз берген еді. Компания жеті жыл бойы балалардың деректерін коммерциялық мақсатта, яғни, жарнамаға пайдаланған.

Айта кетейік, бұған дейін 2019 жылы Google-дың үстінен осындай тағы бір арыз түскен еді. Ол кезде компания 170 млн доллар айыппұл төледі.