Қытайдың оңтүстігінде жойқын дауыл соқты

Қытайдың оңтүстігінде «Кадзики» дауылы соқты.

Секундына 30 метр жылдамдықпен ұйытқыған дүлей жел Хайнань аралы мен Гуандун провинциясын ойрандап өтті. Ағаштар мен бағаналарды құлатып, үйлердің шатырларын ұшырып, жолдарды бөгеп тастады. Табиғи апат салдарымен күреске 3 мыңдай құтқарушы жұмылдырылды. Синоптиктердің хабарлауынша, тайфун қазір елдің солтүстік-батысына қарай ойыса бастаған. Одан әрі Вьетнамға соғуы мүмкін.