Стив Уиткофф Украина делегациясымен кездеседі
АҚШ-тың арнайы өкілі Стив Уиткофф Украина делегациясымен кездесетінін мәлімдеді.
Келіссөз осы аптада Нью-Йоркте өтеді. Ол бұл туралы Fox News арнасына берген сұхбатында айтты. Оның пікірінше, диалог Украинадағы қақтығысты реттеу жолындағы маңызды қадам болмақ. Уиткофф сондай-ақ Ресей мен Украина басшыларының жүздесетініне үмітті екенін жеткізді.