Бейжіңде жеңістің 80 жылдығына арналған парад өтеді
Бейжіңде Екінші дүниежүзілік соғыста Жапонияның тізе бүккеніне 80 жыл толуына арналған парад өтеді.
Салтанатты шара 3 қыркүйекке жоспарланған. Осыған байланысты қалада қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, орталық көшелер уақытша жабылды. Дүкендер мен қоғамдық нысандардың жұмысы шектелген. Мерекелік шеруде Қытай армиясының жаңа қару-жарақ үлгілері көрсетіледі. Парад кезінде тікұшақтар көкте «80» санын бейнелейтін болады.