ЕО АҚШ-тың палестиналық шенеуніктерге виза бермеуін айыптады

Кеше АҚШ Палестинаның жоғары лауазымды 80 тұлғасының визасын жойғанын хабарлаған едік.

Енді Вашингтонның бұл шешіміне ЕуроОдақ елдері наразылығын білдіріп отыр. Визасы жойылғандардың қатарында Палестина президенті Махмуд Аббас та бар. Испания, Ирландия және Францияның сыртқы істер министрлері Ақ үйдің шешіміне орынсыз қадам деп баға берді. Себебі шара Біріккен ұлттар ұйымы Бас Ассамблеясының сессиясы қарсаңында қабылданды. Сондықтан министрлер бұл Палестинаның ұйым жұмысына қатысу құқығын шектейтінін атап өтті.