Үндістанда жауын соңы тасқынға ұласты

Үндістанның солтүстігінде төпелеп жауған жауын соңы тасқынға ұласты, деп хабарлайды 24kz.

Нью-Дели мен Гургаон қалаларында көшелерді су басып, тұрғындар белуардан су кешуге мәжбүр. Жергілікті билік жағдайды бақылауға алып, зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетіліп жатқанын мәлімдеді. Муссондық мезгіл кезінде елдегі жылдық жауын-шашынның 75%-- түседі. Салдарынан өзендер арнасынан асып, тасиды. Бұл егін шаруашылығы үшін қажет болғанымен, елге көп шығын әкеледі.