Пәкістанда жанкештік шабуылдан 11 адам опат болды
Пәкістанның Кветта қаласында жарылыстан кемінде 11 адам қаза тапты. Тағы 30-ға жуық тұрғын жараланды. Соққы саясаткер Сардар Атаулла Менгалдың қазасына арналған еске алу жиыны кезінде орын алды. Полиция бұл жағдайды жанкешті шабуыл деп тергеп жатыр.