Ауғанстанда зілзаладан опат болғандар саны 1400-ден асты

Ауғанстанның шығысында тіркелген жер сілкінісінен опат болған адамдардың саны 1400-ден асты, деп хабарлайды 24kz.

Тағы 3 мыңнан аса тұрғын жарақат алды. Бұл туралы «Талибан» қозғалысы хабарлады. Қуаты 6 балдық зілзаладан таулы аймақта құм мен тастан қаланған үйлердің көбі қирап қалған. Қазір провинцияда байланыс жоқ. Зардап шеккен аймақтардан ақпарат алу қиынға соғып отыр. Жергілікті билік: «Үйінді астында қалғандар көп болуы мүмкін», - деп отыр. Өңірде іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.