Калифорнияның солтүстігінде орман өртенді

Солтүстік Калифорнияда найзағайдан басталған орман өрті 5 мың гектардан астам аумақты шарпыды.

Жалыннан тарихи Чайна-Кэмп кеншілер қалашығы зардап шекті. Ондаған үй өртеніп, 19 ғасырдағы ескерткіш нысандар мен зираттар бүлінді. Жалынды ауыздықтауға 600-ден астам өрт сөндіруші жұмылдырылған. Әзірге табиғат апатынан опат болғандар жайлы ақпарат жоқ. Жергілікті билік паналау орындарын ашып, тұрғындарды эвакуациялап жатыр.