Ұлыбританияда Эйнштейннің алғашқы скрипкасы аукционға қойылады
Ұлыбританияда Альберт Эйнштейннің алғашқы скрипкасы аукционға қойылады, деп хабарлайды 24kz.
Сарапшылар аспаптың құнын 400 мың долларға бағалап отыр. Әйгілі физик бұл скрипканы 1890-жылдары Германиядан сатып алған. АҚШ-қа қоныс аударғанда оны досы, Нобель сыйлығының лауреаты Макс фон Лауға қалдырған. Кейінірек скрипка Эйнштейннің жанкүйеріне сыйға беріліп, 70 жылдан астам уақыт сақталып келген. Енді жанкүйердің ұрпағы оны бәссаудаға қойып отыр. Аукционға физиктің басқа да жеке заттары шығарылады.