Пәкістанда 25 мың тұрғын эвакуацияланды
Пәкістанның Пенджаб провинциясында бір түнде 25 мың адам эвакуацияланды, деп хабарлайды 24kz.
Өзендердегі су деңгейі қауіпті межеге жеткен. Құтқару жұмыстарына әскерилер, жүздеген қайық пен мыңдаған ерікті тартылды. Бұған дейін қайық аударылып, бес адам қаза тапқан. Қазір жоғалғандарды іздеуге дрондар қолданылып жатыр.