АҚШ-та жұмыссыздар саны рекордтық деңгейге жетті
АҚШ-та жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алуға өтініш берген азаматтар саны күрт өсті.
Кейінгі бір апта ішінде 263 мың адам көмек қаржы сұраған. Бұл соңғы төрт жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Жаңа статистика елдегі жұмысқа орналастыру қарқынының баяулағанын көрсетеді. Тамыз айында АҚШ-та небәрі 22 мың жаңа жұмыс орны ашылған еді. Сарапшылардың пікірінше, жұмыс берушілер қазіргі экономикалық ахуалға байланысты кадр қабылдау мәселесіне сақтықпен қарайды. Олар мұны президент Дональд Трамптың саясатымен байланыстырып отыр.