Австралияға климаттық қауіп төніп тұр

Австралияда климаттың өзгеруі салдарынан табиғи апаттар жиілеп және оның ауқымы ұлғая береді деген болжам бар, деп хабарлайды 24kz.

Жергілікті үкіметтің баяндамасында аптап ыстықтың зардабы жылдан жылға артып келе жатқаны көрсетілген. Сондай-ақ теңіз деңгейінің көтерілуі миллиондаған адамның өміріне елеулі қауіп төндіріп отырғаны атап өтілді. Ғалымдар жануарлар мен өсімдіктер жаңа жағдайға бейімделмесе жойылып кету мүмкін екенін ескертеді. Бұл елдегі экожүйеге ауыр соққы болмақ. Үкімет 2050 жылға дейін көмірқышқыл газының шығындыларын нөлдік деңгейде қол жеткізуді жоспарлап отыр. Жақын күндері билік жаңа климаттық мақсаттарын жариялайды.