Польшада теракт жасаған күдікті қайтыс болды
Польшаның Краков қаласында 6 адамды атып өлтірген күдікті ауруханада көз жұмды.
Елдің Әділет министрлігінің мәліметінше, айыпталушының өліміне қарамастан тергеу тоқтамайды. Құқық қорғау органдары оның сыбайластары бар-жоғын анықтап жатқанын жеткізді. Бұған дейін оның үйінде ата-анасы мен 21 жастағы қарындасының денесі табылды. Польша прокуратурасы мұны "теракт" деп атады. Еске салайық, атыс кезінде 6 адам бақилық болып, 15-і жараланды. Зардап шеккендер арасында 2 полиция қызметкері бар. Олардың біреуінің жағдайы ауыр. Бұл жағдайдан соң Польша билігі қаруға қатысты заңды қайта қарамақ.