ChatGPT-дің балаларға арналған нұсқасы әзірленіп жатыр

OpenAI компаниясы ChatGPT нейрожүйесінің балаларға арналған арнайы нұсқасын әзірлеп жатыр.

Егер жүйе қолданушының жасын нақты анықтай алмаса, автоматты түрде жасөспірімдерге арналған бетке ауысады. Ата-аналар баланың аккаунтын бақылап, пайдалану уақытын шектей алады. Сондай-ақ, жүйе жасөспірімнің психологиялық күйзелісін байқаса, қамқоршысына дереу хабар береді. Бұл қадамдар балалардың цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған. Себебі ғаламтордағы ең үлкен қатердің бірі – кибербуллинг. 

Жыл сайын әлеуметтік желілерде қысымға ұшырайтын балалардың саны артып келеді. Жалпы АҚШ мектептерінің 15%-ы аптасына кемінде бір рет кибербуллинг шағымын тіркейді. 2023 жылғы деректерге сүйенсек, жасөспірімдерінің 26,5%-ы ғаламторда қорлауға тап болған. Зардап шеккендердің ішінде қыз балалардың үлесі көбірек. Сондай-ақ жәбірленушілердің 19,2%-ы кибербуллинг салдарынан мектепке бармаған.

– АҚШ мектептерінің 15%-ы аптасына кемінде бір рет кибербуллинг шағымын тіркейді.
– 2023 жылы АҚШ жасөспірімдерінің 26,5%-ы кибербуллингке тап болған.
– Қыздар ұлдарға қарағанда жиі зардап шегеді: Қыздар – 59,2%, Ұлдар – 49,5%.
– Жәбірленушілердің 19,2%-ы ғаламтордағы буллинг салдарынан мектепке бармаған.
Дереккөз: brightpath.com