Әлемде смартфон пайдаланушылар көбейді
Тағы бір халықаралық дерек көзіне жүгінсек, дүниежүзінде 4,5 млрд адам смартфон пайдаланады.
Бұл жер шарында ұялы телефон әлем халқы санынан асып кететінін көрсетеді. Яғни бір адам бірнеше құрылғыны қолданады. Бұл көрсеткіш бойынша Германия көш бастап тұр. Мұнда әр тұрғынның бірнеше гаджетті алып жүруі қалыпты жағдайға айналған. Жалпы жер шары тұрғындарының 10 пайызы өмірін смартфонсыз елестете алмайды. Тіпті таңның атысынан кештің батысына дейін ұялы телефонына тесіліп отыратын жандар көбейген. Нидерланд сарапшылар алдағы уақытта әлемде смартфон саны Жердегі адам санынан екі есе артып кетуі мүмкін деп болжап отыр.
Ұялы телефон қолданатындар саны - 4,5 млрд адам
Тұрғындарында ең көп смартфон бар ел - Германия
Смартфонды күні бойы қолданатындар әлем халқының - 10 пайызы
Әлемде 7,21 млрд смартфон бар
Жер бетінде халықтың 60%-дан астамы смартфон пайдаланады. Бұл Іt-world сайтының 2024 жылдың қорытындысы бойынша келтірген дерегі. Статистикаға қарағанда қазір әлемде 7,21 млрд смартфон бар. Мобильді гаджеттерді иеленушілердің саны 5 млрдқа жуықтайды. Олардың ең көбі Қытай мен Үндістанда тұрады. 2029 жылға қарай смартфонды пайдаланатындар қарасы 6,5 млрд-қа жетпек. Ал жаһандық смартфондар нарығының ең үлкен үлесі Apple компаниясына тиесілі - 27,9%. Одан кейін 24 пайызбен Samsung компаниясы тұр. Ал алғашқы үштікті Xiaomi түйіндейді. Оның үлесі 11,73%. Жалпы бүгінде смартфондар нарығы жарты трлн доллар болады.
Әлемдегі смартфон қолданушылар
смартфондар саны - 7,21 млрд
пайдаланушылар саны:
2025 жылы - 4,88 млрд адам
2029 жылы - 6,38 млрд адам
ең көп қолданушылар - Қытай, Үндістан
Жаһандық смартфондар нарығының үлесі
Apple - 27,9%
Samsung - 23,62%
Xiaomi -11,73%
Смартфондар нарығы - $0.5 трлн