Әлемде Deepfake ақпараттар көбейді
Әлемде дипфейк арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттер азаймай тұр. Мәселен, АҚШ-тың Федералды тергеу бюросы былтыр осындай 5 мыңнан астам істі тіркеген. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда үш есе көп. Ғаламторды жайлаған мұндай әрекеттер тек АҚШ-та емес, өзге елдерде де өзекті мәселеге айналған. Оны қалай реттейді? Қандай заңдар бар?
Еуропалық Одақтың Киберқауіпсіздік агенттігінің ENISA есебіне сәйкес 2 жыл бұрын deepfake арқылы жасалған алаяқтықтардан келген шығын 1,2 миллиард еуроға жеткен. Осыдан кейін қоғам дертіне айналған бұл мәселені біраз ел заңмен реттеуге көшті. Франция билігі былтыр жасанды интеллект арқылы жасалған кез келген дыбыстық және бейнелі хабарламаларды таратуға қатаң түрде тыйым салды. Оны орындамағандарға 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру бекітілді. Тағы 15 мыңнан 45 мың еуроға дейін айыппұл салу қарастырылған.
Ұлыбританияда «Ғаламтордағы қауіпсіздік туралы» заң бар. Ол бойынша әлеуметтік желілер фейк жаңалық сияқты заңға қайшы және зиянды контентті өшіруге міндетті. Айыппұл компанияның жылдық табысының 10%-ын қамтиды. Бұл 24 миллион доллар. Теңгемен 12 миллиондай болады. Үкімет аталған заңды толықтыруға ниетті.
Оңтүстік Кореяда да заң қатаң. Тақауда дипфейк көмегімен порнографиялық бейнелер жасап, таратқан ер адам 10 жыл бас бостандығынан айырылды. Десе де қылымыстық әрекеттер азаймай тұр. Кейінгі 4 жылда, әсіресе жастар арасында жасалатын алаяқтық әрекеттер екі есе өскен. Жергілікті полиция дерегінен сүйенсек, былтырдың өзінде 1372 жасөсапірім тәртіп бұзғаны үшін жазаға тартылды. Олар өзге адамның түр-әлпетін пайдаланып, желіде жалған фото-бейнелер жариялағаны үшін айыпты деп танылды.
Авторы: Фариза Жанғанаева