Камчаткада 7,8 балдық жер сілкінісі тіркелді
Камчатка жағалауында қайта жер сілкінді. Бұл жолы зілзала магнитудасы – 7,8 балл.
Ошағы Петропавловск-Камчатский қаласынан жүз шақырым қашықтықта тіркелген. Аймақ билігі цунами қауіпі туралы ескерту жариялады. Төтенше қызметтер жоғары дайындық тәртібіне келтірілді. Өзге елдерге де цунами қаупі төніп тұр. АҚШ мұхит пен атмосфераны зерттеу басқармасы да алып толқын соғу ескертуін жариялады.
Айта кету керек, Камчаткада бірнеше ай бойы сейсмикалық белсенділік жоғары. Шілде айында магнитудасы 8.8 балға жеткен зілзала болып, Крашенников жанартауы оянған еді.