Албанияда виртуалды министр төрт жылдық жоспарын жариялады
Албанияда виртуалды министр саясаткерлерге төрт жылға арналған жоспарын таныстырды, деп хабарлайды 24kz.
Диэлла – әйел бейнесіндегі жасанды зерде. Оның негізгі міндеті – тендердегі жемқорлықпен күресу және бюрократияны азайту. Цифрлық министр өз сөзінде адамдарды алмастырмай, тек көмек көрсететінін айтты. Кейбір саяси топтар бастаманы қолдамады. Сыншылардың пікірінше, ЖИ-министр – үкіметтегі жемқорлықты жасыруға арналған қадам. Партия жетекшілері виртуалды шенеунікті кім бақылайтынын нақтылауды талап етіп, мәселені Конституциялық сотқа жолдады.