Грекияда қой шешегінен 260 мың мал қырылды
Грекияның орталық аймағында жаппай тараған қой шешегі мал шаруашылығына көп шығын әкелді.
Бір жылдың ішінде 260 мың қой мен ешкі қырылып, мыңнан астам ферма жабылды. Кеселден Феталия аймағы қатты зардап шекті. Мұнда 80 ферма жабылды. Қащір шаруа қожалықтарына ветеринар мамандар жіберіліп, жағдайды бақылауға алуға күш салынып жатыр. Жергілікті халық билікті кеш әрекет етті деп айыптап жатыр. Вирус таралуынан азық-түлік қымбаттап жатыр.