Израильде наразылық шерулері өтті
Израильдің өз ішінде де жағдай оңып тұрған жоқ. Иерусалимде билікке қарсы жаппай наразылық шеруі өтті. Халық ХАМАС қолында тұтқында отырған туыстарын мүмкіндігінше тез арада босатуды талап етті.
Наразы жұрт премьер-министр Биньямин Нетаньяхудың резиденциясы алдына жиналған. Олар тұтқындардың суреттерін көтеріп, соғысқа қарсы ұран салды. Жиылған ел Израиль армиясының әскери операцияны кеңейтуі, тұтқындардың өміріне қауіп төндіруі мүмкін деп алаңдайды. Осындай қарсылық шаралары Тель-Авивтің шығыс бөлігінде де өтті. Мыңдаған адам үкімет ғимараттары орналасқан кешен алдына жиналған.