Израиль Ливандағы үйлерді жарып жіберді

Израиль әскері Ливанның оңтүстігіндегі бірнеше үйді жарып жіберді.

Оқиға Завтар-аш-Шарқия ауылында болған. Бірнеше ғимарат, оның ішінде көп қабатты үйлердің де күл-талқаны шықты. Осы маңдағы Кфар-Тебнит қаласында да жарылыс болған. Израиль әскері әзірге бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берген жоқ. Айта кетейік, қазір Израиль мен Ливан арасы шиеленісіп тұр. Бұл елде наурыз айынан бері Израиль шабуылдарынан 4 мың 400-ден аса адам қаза болған.

Сондай-ақ оқыңыз: