БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі шұғыл бас қоспақ
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Эстонияның өтініші бойынша шұғыл жиын өткізеді. Бұған Ресей ұшақтарының Эстония әуе кеңістігін бұзуы себеп. Таллин шиеленістің күшеюінің белгісі деп санайды. Эстония Қорғаныс күштерінің дерегі бойынша бірер күн бұрын Ресейдің 3 бірдей МиГ-31 жойғыш ұшағы Фин шығанағындағы Вайндло аралының маңында көзге түсіп, ел аумағында 12 минут болған. Эстония Ресейдің уақытша сенімді өкіліне наразылық нотасын тапсырды. Ал Кремль: «Халықаралық әуе кеңістігін пайдалану жөніндегі ережені бұзғанымыз жоқ» - деп мәлімдеді.