Әлемнің бірқатар елі Палестинаның егемендігін мойындады
Португалия, Аустралия, Канада және Ұлыбритания Газа секторында оқ атуды доғаруы қажет, сондай-ақ Израиль мен ХАМАС келіссөзді қайта жаңғыртуға тиіс, деп мәлімдеді. 10 күн бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы Палестина мемлекетін құру туралы қарар қабылдады. «Еуропа елдері мен Канберраның шешімі сол құжаттың маңыздылығын арттырады», - дейді сарапшылар.
ХАМАС ұйымы мұны «астанасы Иерусалим болатын тәуелсіз Палестина мемлекетін құру құқығын растайтын маңызды қадамға» балап отыр. Қозғалыс өкілдерінің бірлескен мәлімдемесінде: бұл – палестиналықтардың күресі мен табандылығының нәтижесі, - делінген. ХАМАС Біріккен Ұлттар Ұйымын Израильмен қатынасты тоқтатуға және оған қарсы қатаң шаралар енгізуге шақырды.