Қазақстан мен АҚШ арасында бұрын-соңды болмаған сауда бағыттары ашылды
Биыл Қазақстаннан АҚШ-қа экспорт 42%-ға төмендеп, небәрі 600 миллион доллар болды. Алты айда экспорттың қысқаруы шикі мұнай, ферроқорытпалар, күміс сынды металлдарды жеткізу көлемінің төмендеуімен байланысты. Дегенмен сала мамандары бұл уақытша көрсеткіш деп отыр. Сауда мнистрлігінің мәліметінше, Қазақстан мен АҚШ арасында бұрын-соңды болмаған сауда бағыттары ашылды. Соның ішінде АҚШ тарапы біздің ауыл шаруашылығы өнімдеріне қызығушылық танытып отыр.
АҚШ-та қазақстандық тауарларға деген сұраныс бар. Өткен жылы екі ел арасындағы сауда айналымы жақсы нәтиже көрсетті. Сауда министрлігінің мәліметінше, былтыр Қазақстаннан АҚШ-қа экспорт артып, ол елден келетін импорттық тауарларға тәуелділік азайды. 2024 жылы екі ел арасындағы сауда айналымы 4,2 млрд АҚШ долларына жетті. Оның 2 млрд экпорт болатын болса, 2,2 млрд - импорт. Елімізге тұрақты түрде мұхиттың ар жағынан келетін тауарлар тізімі бар. Атап айтқанда, Қазақстан АҚШ-тан дәрі-дәрмек пен жеңіл көліктерді импорттайды. Сондай-ақ АҚШ нарығынан бізге медициналық құрылғылар және көліктің қосалқы бөлшектері тасымалдайды.
Тойгүл Жұбанисова, ҚР СИМ баспасөз хатшысы:
- 2024 жыл өте жақсы жыл болды АҚШ пен Қазақстан арасындағы сауда үшін. Қазақстандық экспорттың көлемі 30%-дейін артты. Негізі АҚШ-қа көбінесе ++01:44 шикі мұнай, уран, күміс сияқты металлдар көп экспортталады. Себебі АҚШ-тың нарығында біздің осындай өнімдерге сұранысы жоғары. Ал импорт көлемі 11%-ға азайды. Бұл дегеніміз өзіміздің ішкі өндірістің артуына тікелей себеп болуы мүмкін. Сондықтан сырттағы нарықтан біз өнімдерді көп экспорттамаймыз.
Сауда айналымы жыл сайын қарқынды дамып келеді. Мәселен, өткен аптада Қазақстанның ұны АҚШ нарығына шықты.Отандық өнім қазірдің өзінде АҚШ-тың онлайн платформаларында сатылып жатыр. Алғашқы 50 тонна бидай ұны Нью-Йоркке жеткізіліп, Eurasian Legacy брендімен тұтынушыларға ұсынылды. Онлайн саудадан бөлек, қазір отандық өнімді мейрамханалар мен жергілікті асханаларға жеткізу бойынша келіссөздер жүріп жатыр.
Тойгүл Жұбанисова, ҚР СИМ баспасөз хатшысы:
- Қазақстанның ұнын онлайн сауда желісіне шығарып жатырмыз. Amazon және Walmart. Қазақстанның ұны саудаға түсті.++03:18 Бұл бірінші партия сынақ ретінде жіберілген партия. ++04:04 100 тоннадан астам көлемді көбейтуге біздің ниетіміз бар. Тек қана онлайн платформаларға ғана емес, одан бөлек наубайханалар бар, тұрақты кофеханалар бар сол жерлерге ұнды жеткізуді біз көбейтуді жұмыстанып жатырмыз.
Биыл Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда айналымы 1,9 млрд долларға жетті. Бұл алты айдың көрсеткіші және ол өткен жылмен салыстырғанда төмен. Бірақ жылдың аяғына дейін әлі уақыт бар. Оған қоса, ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныстың артуы, өзара алыс берісті көбейтуге негіз болары анық. Ал Президенттің сапары осы сауда-экономикалық байланысын бекіте түседі деген болжам бар.
Авторлары: Ғазиза Мұхамеджанова, Марат Диханбаев, Өрден Жарқын