Әлемде алдағы 10 жылда ауылшаруашылық өнімдері арзандайды

Алдағы 10 жылда әлемде ауыл шаруашылығы өнімдері арзандайды. Біріккен ұлттар ұйымына қарасты Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы келтірген деректерде осылай делінген.

Болжамға сәйкес 2034 жылға қарай ауылшаруашылық және балық өнімдерінің әлемдік өндірісі 14%-ке өседі. Табысы орташа елдерде ет, балық, сүт өнімдерін тұтыну көрсеткіші 8%-ке ұлғаяды. Жануарлардан алынатын өнімдерге сұраныс, әсіресе, Үндістан мен Оңтүстік-Шығыс Азияда артады.

Алайда табысы төмен елдердің мұндай қоректік заттарға бай тағамдарды күнделікті тұтыну көрсеткіші тым төмен болып қала бермек. Күніне небәрі 143 калория. Сондай-ақ жаңа технологиялар енгізіліп жатқанына қарамастан, салада парниктік газдар шығарындылары 6%-ке көбейеді.