Тайваньда тасқыннан 17 адам опат болды

Тайваньдағы жойқын су тасқынынан кемінде 17 адам опат болды, деп хабарлайды 24kz.

32 адам жарақат алды. Тағы 17 тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті. Оларды іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Табиғи апаттан дүйсенбі күні Тайваньның Тайдун, Хэнчунь және Пиндун аймақтары қатты зардап шекті. Елдің кей аймақтарында толассыз жауын-шашын түсетіні хабарланды. Жергілікті билік зардап шеккен өңірлерде апат салдарын жою шараларын қолға алды.