Қытай Палестинаны қолдап отыр
Қытай Палестина халқының тәуелсіз мемлекет құруға ұмтылысын қолдайды.
Бұл туралы Қытай Сыртқы істер министрлігінің өкілі Го Цзякунь мәлімдеді. Қазір Палестинаны Біріккен ұлттар ұйымына мүше 157 ел мойындап отыр. АҚШ, Израиль, Жапония мен Германия сынды 30-дан астам ел әлі мойындай қоймады. Қытай дағдарыстан шығудың ең тиімді жолы – Израиль мен Палестинаға екі бөлек, мемлекет ретінде өмір сүруге мүмкіндік беру деген пікірді қолдайды және бұл бағытта халықаралық қауымдастықпен бірлесе әрекет етеді.