АҚШ-тың жұмысшы визасының 70%-ын үнділер иеленеді

Дональд Трамп шетелдік маманнан қашқақтағанмен, АҚШ-тың H-1B, яғни жұмысшы визасының 70 пайызын жылда үнділер иеленеді. Бұдан кейін Қытай тұр.

Оларға визалардың 12 пайызы берілген. Тізімнің алғашқы бестігіне Филиппин, Канада және Оңтүстік Корея кіреді. Бірақ Қытай мен Үндістаннан келгендер қарасы жүз мыңдап саналады. Ресейден АҚШ-қа  барғандар үлесі 0,3 пайыз ғана. Арман қуып, АҚШ-қа жұмысшы визасын алып, барғандардың жартысынан көбі компьютер мен хай-тек саласының мамандары. Көбі Amazon, Microsoft, Meta, Apple және Google секілді ірі корпорацияларда жұмыс істейді.

H-1В визасы / елдер бойынша

Үндістан - 72%

Қытай -12%

Филиппин -1.3%

Канада  - 1.1%,

Оңтүстік Корея -1.0%

Ресей - 0,3 %

H-1B визасы: салалар

Компьютер/ хай-тек - 65%

Басқа салалар - 35 %

H-1В визасы: ірі демеушілер

Amazon

Tata

Microsoft

Meta

Apple 

Google