АҚШ пен Канадада балықтың 90%-ы тұрақты деңгейде ауланады

Жалпы әлемнің әр өңірінде теңіз балық қорының жағдайы әркелкі. БҰҰ деректеріне сүйенсек, Тынық мұхиты жағалауындағы АҚШ пен Канадада балықтың 90 пайызы тұрақты деңгейде ауланады.

Австралия мен Жаңа Зеландияда бұл көрсеткіш 85 пайыздан асады. Ал Антарктикада қатаң халықаралық ережелердің арқасында балық қоры толық сақталған. Бірақ Африканың солтүстік-батыс жағалауында жағдай күрделі. Мұнда Мароккодан бастап Гвиней шығанағына дейінгі аумақта, балықтардың жартысынан астамы ауланады. Ал Жерорта теңізі мен Қара теңізде ахуал бұдан да нашар. Мұндағы балық қорының 65 пайызы тұрақсыз деп танылған.

Әлемдегі теңіз балық қоры (2025)

АҚШ пен Канаданың Тынық мұхит жағалауы – 90% тұрақты

Австралия және Жаңа Зеландия – 85% тұрақты

Антарктика – 100% тұрақты

Солтүстік-Батыс Африка  – 50% шамадан тыс ауланады

Жерорта теңізі және Қара теңіз – 65% тұрақсыз

Дереккөз: БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы