Йемен басшысы Иранды айыптады
Йемен басшысы Рашид әл-Алими халықаралық одақ құрып, хуситтер мен лаңкестік топтарға қарсы күресуге шақырды, деп хабарлайды 24kz.
Ол бұл туралы Біріккен ұлттар ұйымы Бас Ассамблеясының отырысында мәлімдеді. Рашид әл-Алими: «Иран Йеменді терроризм орталығына айналдырды» деп айыптады. Хуситтерді халықаралық террористік ұйым деп атап, елде бейбітшілікті тек күшпен орнатуға болатынын айтты. Кеше осы қарулы топ Израиль қалаларын зымыранмен атқылаған болатын.