Филиппинде дауылдан 430 мың адам эвакуацияланды

Филиппинде жойқын тропикалық дауыл соғып, 430 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз аймаққа көшірілді, деп хабарлайды 24kz.

Табиғат апатынан үш адам опат болды. Дүлей жел мен нөсер жауыннан біраз елді мекенді су басып жатыр. Ауыл шаруашылығына едәуір шығын келген. Жергілікті билік шаруалар мен балықшыларға қолдау көрсету үшін арнайы бағдарлама қабылдап, 51 млн доллар бөлетінін мәлімдеді.