Еуроодақ дроннан қорғануды күшейтеді   

Еуропалық Одақ дрондарға қарсы арнайы қорғаныс жүйесін құрмақ.

Бұл туралы Одақтың қорғаныс жөніндегі комиссары Андрюс Кубилюс мәлімдеді. Арнайы жүйе дрондарды анықтап, бақылап, қажет болса тосқауыл қоюға мүмкіндік береді. Жақында әуе кеңістігін бұзған дрондар Дания мен Норвегиядағы әуежайлардың уақытша жабылуына себеп болды. Дания билігі мұны елдің маңызды нысандарына жасалған ең ауыр шабуыл деп атады. ЕО бұл жағдайды шекарадағы тұрақты қауіптің белгісі деп санайды. Ал Дания билігі НАТО-ның 4-бабын іске қосу мүмкіндігін қарастырып отыр. Яғни мәселені Альянс деңгейінде кеңеске салмақ.