Брюссельде Еуроодақ пен Ұлыбритания саммиті басталды

Басқосуға Еуропалық кеңес төрағасы Антониу Кошта, Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен және премьер-министр Энди Бернем қатысып жатыр. Лондон билігі 10 жыл бұрын құрамынан шығып кеткен ұйыммен қатынасты қайта жандандыруды көздейді. Тіпті одаққа қайта қосылуы мүмкін, деп хабарлайды «24KZ».

Энди Бернем Брекситтің кері әсерін мойындады. Оның айтуына қарағанда, Ұлыбританияның ұтқаннан жоғалтқаны көп. Блумберг басылымының дерегі бойынша, Тұманды Альбион экономикасы 9 жылда ЖІӨ-нің 8 пайызынан айырылған. Бұл – шамамен 235 млрд доллар. Енді тараптар алыс-берісті арттырып, жастар бағдарламасын іске қосуды жоспарлап отыр. 31 жасқа дейінгі 100 мың еуропалық енді Тұманды Альбион аумағында оқуға және жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

Сондай-ақ оқыңыз: