Британия халқы цифрлық құжаттарға қарсы петицияға қол қойды

Ұлыбританияда 2 миллионнан астам адам цифрлық құжаттарға қарсы петицияға қол қойды.

Халық жеке деректердің тарап кетуінен қауіптенеді. Бұған дейін Премьер-министр Кир Стармер барлық жұмысшыларға цифрлық жеке куәліктерді міндетті болатынын мәлімдеді. Билік бұл шараны заңсыз миграциямен күресу үшін қабылдағанын және қауіпсіз екенін айтты. Қажетті ақпарат ұялы телефондарда сақталып, жұмысқа орналасу кезінде қолданылады.