АҚШ Израильді қолдауын тоқтатуы мүмкін
Бүгін премьер-министр Биньямин Нетаньяху Трамппен Ақ үйде кездеседі.
Бұл туралы «Ассошиэйтед Пресс» ақпарат агенттігі хабарлады. Ал АҚШ-тың Израильден сырт айналуы Газадағы қырғынға байланысты Нетаньяху халықаралық қысымға тап болды. Трамптың да шыдамы таусылған сыңайлы. Ақ үй басшысы 21 тармақтан тұратын жаңа жоспарын ұсынып, соғысты біржола тоқтатуға бекініп отыр. Айта кету керек, Газа секторында қаза болғандардың саны 66 мыңнан асты. Кейінгі бір күн ішінде Израиль әскері аумаққа 140 әуе соққысын жасаған.