Сеулде экобелсенділер президент Д. Трамптың пікіріне наразылық білдірді
Сеулде 30 мың экобелсенді президент Дональд Трамптың БҰҰ Бас Ассамблеясында айтқан сөзіне наразылық білдіріп, шеруге шықты.
АҚШ басшысы климат өзгерісі мен жаһандық жылынудың болмайтынын айтып, жасыл энергетиканы «ғасыр алаяқтығы» деген еді. Көшеге шыққан экобелсенділер парниктік газдарды азайту үшін шұғыл шаралар қабылдап, көмір энергетикасын тоқтатуды және пластик ластауымен күресуді талап етіп отыр.