БҰҰ Иранға санкцияларды қайта енгізді
Иранға қарсы халықаралық санкциялар қайта күшіне енді. Бұл шешім БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінде қабылданды.
Бұған дейін Ресей мен Қытай санкцияларды кейінге қалдыруды ұсынған еді, бірақ олардың ұсынысын көп елдер қолдамады. Шектеулердің қайта енуіне Иранның 2015 жылы жасалған ядролық келісім бойынша міндеттемелерін орындамауы болып отыр. Жаңа шешімге сәйкес, Иранға қару-жарақ жеткізуге тыйым салынады, баллистикалық зымыран мен ядролық жобаларға қатысты шектеулер енеді. Сондай-ақ елдің шетелдегі активтері бұғатталып, бірқатар ирандық шенеуніктерге виза шектеулері қойылады.