Молдовада Парламенттік сайлау аяқталды
Молдовада Парламент сайлауы өтті. Алдын ала нәтижелер халықтың таңдауын айқын көрсетті – билік басындағы проеуропалық «Әрекет және ынтымақ» партиясы өз көшбасшылығын сақтап, дауыс берушілердің жартысына жуығын иеленді.
Орталық сайлау комиссиясының дерегінше, билік партиясы 49% дауыс жинап, топ жарып шықты. Екінші орында - 24% дауыс жинаған «Патриоттық блок». Дауыс беруге 1,6 млн-нан астам азамат келген. Оның ішінде шамамен 264 мың дауыс шетелдік сайлау учаскелерінде тіркелді. Бұл нәтижелер Молдованың алдағы саяси бағытын анықтап, елдің Еуропамен ықпалдастығының нығая түсетінін көрсетіп отыр.