Жаһандағы алюминий өндірісі
Интернэшнл Алюминиум Инститют ((International Aluminium Institute))
деректеріне сәйкес, әлемде ақ металға деген жаһандық сұраныстың 75%-ы 5 салаға тиесілі. Әсіресе автокөлік, ұшақ қозғалтқыш бөлшектері және теміржол вагондарының жабдықтарында кеңінен қолданылады. Оның жеңіл салмағы отын шығынын азайтып, экологиялық тиімділікті арттырады. Алюминийден жасалған есіктер мен шатыр жабындары күн-райына төзімді және ұзақ мерзімге жарамды. Тамақ өндірісінде де ақ металды кеңінен пайдаланАды. Өйткені өнімді ұзақ сақтауға мүмкіндік береді. Алюминийдің электр өткізгіштігі жоғары болғандықтан, электр сымдары, трансформаторлар, салқындатқыш радиаторлар жасауда қолданылады. Сондай-ақ ғарыш аппараттары, зымырандар мен әскери техникаларда кеңінен пайдаланылады. Себебі алюминий жеңіл әрі мықты металл саналады.
Алюминий көп қолданылатын салалар
1. Көлік және тасымалдау – 27%
2. Құрылыс және сәулет – 25%
3. Қаптама өнеркәсібі – 15%
4. Электр және электроника – 12%
5. Әскери, ғарыш және қорғаныс – 6%
6. Басқа салалар – 15%
(International Aluminium Institute дерегі)