Ядролық соғыс 5 млрд адамды жоқ қылуы мүмкін

Ядролық соғыс жер бетінен 5 млрд адамды жойып жіберуі мүмкін. Жаһандық қақтығыстың сценарийін топшылап көрген америкалық ғалымдар осылай дейді.

Олардың айтуына қарағанда, жаппай қырып-жою қаруы жарылса, бір мезетте 360 млн адам ажал құшады. Ал 2-3 ай өткенде құрбандар саны тағы көбейеді. Өйткені ауаға 165 млн тонна радиация тарайды. Ғалымдар Жаңа Зеландия мен Австралияда ғана жан сақтауға болады деп болжап отыр. Өйткені бұл қос мемлекет ядролық қаруы бар елдерден қашық жатыр. «Ал, өзге елдер тұрғындары жер астында, яғни, бункерлерде ғана өмір сүре алады», - дейді ғалымдар.