NVIDIA нарықта Microsoft пен Apple-ды басып озды
Графикалық процессорлар әзірлейтін американдық бренд әлемдегі ең қымбат компанияға айналды, деп хабарлайды 24kz.
NVIDIA капиталы төрт жарым триллион долларға жетті. Компанияның акциялары 2,5%-ке өсті. Осылайша, ол нарықтық құны 3,8 триллион доллар болатын Microsoft пен 3,7 триллион долларға бағаланатын Apple компанияларынан да асып түсті.