Алтын бағасы жаңа рекорд орнатты
Алтын бағасы тарихи рекордқа жетіп, троя унциясы үшін 3870 АҚШ долларына дейін көтерілді.
Бұл инвесторлардың бағалы металға деген сұранысын арттырды. Бағаның өсуіне геосаяси қауіп-қатерлердің артуы мен орталық банктердің алтын қорларын көбейтуі себеп. Гонконгта Дзи Цинь Майнинг компаниясының акциялары 66%-ға өсті, ал нарықтық құны 310 млрд Гонконг долларын құрады. Бұл – алтын өндірісі саласындағы жоғары даму көрсеткіші.