ЕО Ресейдің активтерін Украинаға берді

Еуропалық одақ Украинаға 4 млрд еуро несие бөлді. Қаржы Ресейдің бұғатталған активтерінен алынды.

Бұл мәселе Еуроодақтың Копенгагендегі кездесуінде талқыға салынған еді. Кейін Украина премьер-министрі Юлия Свириденко әлеуметтік желіде ЕуроОдақтың несие бергенін растап, қолдау үшін алғыс білдірді. Киевтегі қаржы министрлігінің мәлімдемесі бойынша, қаржы әлеуметтік төлемдер мен инфрақұрылымды қайта қалпына келтіру үшін жұмсалмақ. Кремль бұл әрекетті «ұрлық» деп айыптады. Соғыс басталғалы ЕуроОдақ Украинаның ең ірі демеушісіне айналған. Бүгінде Украина бюджетінің 40 пайыздан астамы шетелден келген қаржылай көмекпен қалыптасады.