Димашты Нью-Йоркте жанкүйерлері қарсы алды

Димаш Құдайберген Нью-Йоркке келіп қонды. Әнші 5 қазанда әйгілі «Мэдисон Скуэр Гарден» сахнасында өнер көрсетеді.

Атақты концерт залында кезінде Майкл Джексон, Битлз, Элвис Пресли, Бейонсе, Андреа Бочелли, Мадонна сынды жұлдыздар ән шырқаған. Ал Димаш ТМД елдерінен шыққан алғашқы жұлдыз ретінде тыңдармандарын қуантады. Бүгін жұлдызды Кеннеди әуежайында жанкүйерлері күтіп алды. Жергілікті жұрт қазақы нақыштағы киіммен, әшекей бұйым тағып келіп, көк байрағымызды желбіретіп, қазақша ән шырқап, ғимараттың ішін қуанышқа бөледі.

Джоанна Папандероу:

- Димаш келгенде әуежайдың іші жайнап сала берді. АҚШ-тағы және әлемнің түкпір-түкпірінен келген тыңдармандары болып, сүйікті әншімізді қарсы алуға асықтық. Димаш есіктен кіріп келгенде қуанышымызда шек болмады.

Таня Янг:

- Димаш Нью-Йоркке қош келдің! Үлкен алма шаһарына араға 6 жыл салып кеп отырсың. Жексенбідегі концертіңді асыға күтеміз!