Әлемде энергия тұтыну көлемі артты
Былтыр әлемде жалпы энергия тұтыну 592 ЭДж-ге жетіп, бұрын-соңды болмаған деңгейге көтерілді. Бұл көрсеткіштің 86,7%-ын дәстүрлі энергия көздері - мұнай, газ және көмір қамтамасыз етті.
Қалған 13,5%-ы жаңартылатын және атом энергиясынан алынды. Сондай-ақ әлемдік энергия өндірісінде мұнай, газ және көмірдің үлесі басым. Жаңартылатын энергия көздерінің жылдам дамуы байқалады. Күн энергиясы - жаңартылатын энергия көздерінің ішінде ең жылдам өсіп келе жатқан сала. Былтыр оның көлемі 1 866 ГВт-қа жетті. Бұл 2014 жылғы 187 ГВт көрсеткіштен айтарлықтай жоғары. Ал жел және күннің жалпы қуаттылығы жылына 15%-ға өсіп отыр. Бұл өсімнің 56%-ын Қытай қамтамасыз етті.
Дәстүрлі энергия көздері - 86,7%
Мұнай: 199 ЭДж - 33,6%
Көмір: 165 ЭДж - 27,9%
Табиғи газ: 149 ЭДж - 25,2%
Жаңартылатын энергия көздері
Гидроэнергетика: 16 ЭДж - 2,7%
Күн энергиясы: 7%
Жел энергиясы: 8%
Биоотын: 5,6%
Атом энергиясы: 5,2%
Дереккөз: Energy Institute