Ташкентте Орталық Азия-АҚШ сарапшылар форумы өтті

Ташкентте «Орталық Азия-АҚШ» сарапшыларының алғашқы форумы өтті. Шара «С5+1» іс-қимыл форматының құрылғанына 10 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Жиынға Орталық Азия республикалары мен АҚШ-тың бұрынғы елшілері, Америка мен Орталық Азияның жетекші сарапшылары, Ташкенттегі дипломатиялық корпус пен ғылыми-зерттеу орталықтарының өкілдері қатысты.

«Жуан елдердің Орталық Азия мемлекеттерімен «С5» форматындағы жиындары соңғы жылдары жиілеп кетті. Әлбетте аймақ қазба байлықтардан кенде емес, адами капиталдың даму көрсеткіші жоғары. Ал соңғы жылдардағы транзиттік әлеует дамушы мемлкеттердің қызығушылығын еселетті. Бұл ретте Орталық Азия мемлекеттерінің бірігіп әрекет етуі маңызды», - дейді сарапшылар.

Фарход Толипов, саяси сарапшы:

- Аймақтағы 5 елдің бірігіп әрекет етуі қазіргі геосаясаттағы ең ұтымды қадам болады деп ойламын. Бұл мәселе 90-шы жылдардан бері Орталық Азия мемлекеттерінің күн тәртібінен түскен емес. Қазір процесстің белсенділігі арта түсті. Президенттердің консультативтік кездесулерінде талқыланады. Биыл бұл шара қараша айында Самарқанда өтеді. Осы қадам бірқатар елдердің түрлі геосаяси көзқарастарына ұтымды жауап болады деп ойлаймын.

Форум барысында «С5+1» форматындағы өзара іс-қимылдың өңірлік қауіпсіздік пен өзара байланыс, сауда және бизнес, сирек кездесетін металдар саласындағы ынтымақтастық, «жасыл» энергетика сияқты өзекті мәселелер талқыланды.

Шайырбек Джураев, Орталық Азиядағы «Сrossroads» орталығының президенті:

- Қазіргі орналасуымыз бізге мүмкіндік беріп жатыр. Солтүстіктегі көршіміз геосаяси жағдайларға байланысты транзиттік аймақ статусын жоғалтты. Демек бұл міндет Орталық Азияға жүктелді. Қытай мен Еуропаның арасын жалғайтын дәлізге айналып отыр. Аймақтың транзиттік мүмкіндіктері алып мемлекеттер үшін сауда саттық жасауға үлкен олжа.

Тұңғыш өткен сарапшылар форумының қортындысы бойынша мұндай форматтағы басқосулар дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын болды. Ал сарапшылардың пікірлері мен ұсыныстары жоғары билікке жолданады.