Израильде «Сумуд» флотын қолдау шеруі өтті

Жүздеген израильдік Газаға гуманитарлық жүк жеткізбек болған «Сумуд» флотилиясына жасалған әскери шабуылға қарсы жаппай наразылыққа шықты. Шеру анклавпен шекаралас аумақта өтті, деп хабарлайды 24kz.

Жиналған жұрт биліктен қамауға алынғандарды босатуды және азық-түлікті Газадағы бейбіт тұрғындарға жеткізуді талап етті. Ұқсас толқулар Дублин, Париж, Берлин, Женева, сондай-ақ Буэнос-Айрес, Мехико және Карачи қалаларында да өтті. Айта кетейік, 2 қазанда Израиль әскері гуманитарлық көмек жеткізуге талпынған шамамен 40 кемені тоқтатқан еді. Нәтижесінде 450-ден астам шетелдік белсенді қамауға алынды. Олардың қатарында шведтік экобелсенді Грета Тунберг те бар.