Жапония үкіметін әйел басқаруы мүмкін

Жапонияның Либералды-демократиялық партиясы жаңа басшыны тағайындады, деп хабарлайды 24kz.

Елдің билеуші партиясын бұрынғы Ішкі істер министрі Санаэ Такаити басқаратын болды. «Енді оған премьер-министрдің орны бұйыруы мүмкін», - дейді сарапшылар. Жаңа үкімет басшысын 15 қазанда дауыс беру арқылы таңдайды. Санаэ Такаити сайлаушылардың көңілінен шықса, ел тарихында үкіметті басқараған алғашқы әйел атанады.